Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Қалижан Бектемір

Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты нөсер жауады.

Жақын күндері Қазақстанның бүкіл аумағы дерлік циклондық белсенділіктің ықпалында болады – найзағай ойнап, екпінді жел соғады, еліміздің батысында, солтүстігінде және солтүстік-батысында бұршақ жаууы мүмкін. 22-23 маусымда республиканың батысында, 22-24 маусымда солтүстік-батыста, 22 маусымда солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде, - делінген хабарламада.

Синоптиктер күндіз ауа температурасының көтерілуі күтілетінін де атап өтті:

 

 

  • республиканың батысында +25+35°С дейін,
  • шығыста +31+39°С дейін,
  • солтүстік-батысында +22+30°С дейін төмендейді,
  • оңтүстігінде +30+38°С дейін,
  • оңтүстік-шығыста +25+38°С дейін,
  • солтүстікте, орталықта +23+36°С-тан +28+38°С-қа дейін тербеліс.