×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Тәжікстанда хиджаб киген әйелдерге талап күшейтіліп жатыр

22.06.2024, 10:57
Тәжікстанда хиджаб киген әйелдерге талап күшейтіліп жатыр
Фото: Ашық дереккөзден

Тәжікстанда елдің "ұлттық мәдениетіне" сәйкес келмейтін киім киюге тыйым салынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

20 маусымда Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 35 заңға қол қойды. Олардың арасында "мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы" заң бар.

Құжат "ұлттық мәдениетке жат" киім киюге тыйым салуды көздейді. Қандай киім түрлері "бөтен" анықтамасына жататыны құжатта көрсетілмеген, бірақ заң талаптарын сақтамағандар айыппұл төлейді.

Жергілікті Азия-Плюс басылымының хабарлауынша, Тәжікстанда билік хиджаб киген әйелдерді көшеде тоқтатып, онысын шешуді немесе мұсылманша кимеуді талап етеді. Бұған шағымданып жатқандар бар.

Қазақстанда қалай

Қазір Қазақстанда діни киім тақырыбы қызу талқыланып жатыр. 14 наурызда Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи дін мәселелері жөніндегі заң жобасының нормалары туралы айтып, өзі де тың ұсыныспен шығатынын айтқан еді. 

2023 жылдың қазан айында мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева дін туралы жаңа заңда қоғамдық орындарда діни киім киюге тыйым салынатынын мәлімдеді. Бұл бетін толық тұмшалайтындарға қатысты.