БҚО-да Полиция департаментінің ғимаратында оқ жарақатын алған полицей аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы "Мой город" порталы жазды.
Басылым мәліметінше, полиция қызметкері Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаментінің ғимаратындағы бақылау-өткізу бекетінде абайсызда қызметтік қарудан өз-өзіне оқ атқан деген болжам бар.
БҚО Полиция департаментінің мәліметінше, полицей аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген.
Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қазіргі уақытта полиция қызметкері жансақтау бөлімінде жатыр. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді, - деді полиция өкілдері.