Гаагадағы халықаралық қылмыстық соттың алдын-ала іс жүргізу палатасы тиісті ордер берілгенін хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
Халықаралық қылмыстық сот Ресейдің бұрынғы қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Ресей Бас штабының басшысы Валерий Герасимовты тұтқындау жөнінде санкция бергені белгілі болды.
Толығырақ
Олар адамзатқа қарсы әскери қылмыстарды жасады деп айыпталып отыр.
Ресей армиясының Украинадағы азаматтық нысандарға жасаған шабуылдары қамауға алу туралы бұйрықтардың негізі болған.
Еске сала кетейік, аталған сот бұған дейін Владимир Путинді тұтқындау жөнінде санкция берген болатын. Путин Рим жарғысын ратификациялаған және Гаагадағы сот юрисдикциясын мойындайтын елдерге бара алмайды. Бұл қатарда Еуропаның барлық елдері, Оңтүстік Америка (соның ішінде Венесуэла), Тәжікстан, Ауғанстан, Бразилия, Оңтүстік Африка, Орталық Африка Республикасы, Нигерия бар.