Дүкенге соғылған автобус: кінәлі жүргізуші ұсталды

Ғалиасқар Думан

Алматыда адам өліміне әкеп соқтырған жүргізуші ұсталды. Бұл туралы Алматы полициясы мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Kris_p_almaty

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалған. 

"Бұған дейін хабарланғандай, бүгінде Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында орын алған адам өлімімен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалған.
жол-көлік оқиғасын тудырған жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп хабарлады Алматы ПД.

Еске сала кетейік, бұған дейін автобустың Алматыдағы дүкенге соғылғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша, Kia авто жүргізушісі Мақатаев көшесін оңтүстік бағытта кесіп өтіп, City-Bus ЖШС жеке тасымалдаушысы қызмет көрсететін 18-маршруттық автобуспен соқтығысқан.

Алматының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы автобус апатынан 25 адам зардап шеккенін хабарлады. Екеуі көмек көрсеткеннен кейін үйлеріне жіберілген. Тағы 22 зардап шеккен адам ауруханаларға жеткізілген. 

Ауруханаға жеткізілгендердің жағдайы орташа ауыр ретінде бағаланады. Бір жәбірленуші оқиға орнына дәрігерлер келгенге дейін қайтыс болған.