Гендерлік алшақтық рейтингі: Қазақстан 16 позицияға төмендеді

Сырым Қаржас

Жаһандық гендерлік алшақтық есебінде Қазақстан 16 позицияға төмендеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ашық дереккөзден

Биыл Жаһандық гендерлік алшақтық есебінде Қазақстан 146 мемлекет арасында "Саяси құқықтар мен мүмкіндіктер" көрсеткіші бойынша 116-орынға ие болып, өткен жылмен салыстырғанда, 16 позицияға төмендеді. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең төменгі рейтинг.

Рейтингке әсер ететін факторлардың бірі - қазақстандық әйелдердің шешім қабылдау деңгейінде, Үкімет құрамында және Парламентте төмен өкілдігі. Мысалы, соңғы парламенттік сайлаудың нәтижесі бойынша, 2023 жылы заң шығарушы биліктегі әйелдердің үлесі 27-ден 18%-ға дейін төмендеген.

Қазақстан 2030 жылға дейінгі Отбасылық және гендерлік саясатының өзектендірілген тұжырымдамада Қазақстан шешім қабылдау деңгейінде әйелдердің өкілдігін 30%-ға дейін арттыру бойынша міндеттемелер алған.