×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Елде электросамокаттардың қозғалысы заңмен бекітілетін болды

12.11.2021, 15:01
Фото: Ашық дереккөзден

Жол жүрісі туралы заңға «шағын электр көлік құралы» ұғымы енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Айта кетсек бұған дейін сенат депутаты Нұртөре Жүсіп электрсамокаттар, самокаттар, гироскутерлер азаматтардың өміріне айтарлықтай қауіп төндіретін жағдайға жеткенін хабарлаған еді. Оның айтуынша, биылғы 8 айдағы ведомстволық деректерге сәйкес, осындай құрылғылардың қатысуымен 387 оқиға тіркелген, 25 адам қаза тауып, 411 адам жарақат алған.

Депутат осы мәселені көтеріп үкіметке сауал жолдаған болатын. Бұл сұраққа үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр жауап берді.

«Электросамокаттарды құқықтық реттеу үшін қазіргі таңда мәжіліс депутаттарының бастамашылығымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленген. Осы заң жобасы электр самокаттардың жол жүрісіне қатысуын регламенттеу, «шағын электр көлік құралы» ұғымын енгізу, сондай-ақ осы құралдарды басқаратын тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу бөлігінде түзетулерді көздейді. Қазіргі уақытта мүдделі мемлекеттік органдар осы заң жобасына үкімет қорытындысының жобасын әзірлеуде.Көрсетілген актілерді қабылдау электр самокаттарды пайдалану мәселелерін құқықтық реттеуді қамтамасыз етеді», - деді Роман Скляр.

Серіктес жаңалықтары