«Белдік тақпай, телефонмен сөйлессең ұстайды»: Астанада ерекше камера пайда болды

Сырым Қаржас

Астанада көлік жүргізушілерін ұстайтын жаңа бейнебақылау камерасы пайда болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скриншот

Астанада көлік жүргізушілері көлік тізгінінде келе жатып ұялы телефонмен сөйлессе немесе белдік тақпаса тіркейтін жаңа камера пайда болды. Ол сонымен қатар, жол ережесі бұзылған басқа да жағдайларды тіркейді.

Жаңа камера пилот режимінде Айтматов көшесіне орнатылған. Камера әзірге бәрін тіркегенімен ешкімге айыппұл салмайды. Қашан айыппұл сала бастайтынын белгісіз.