Бұл тағдыр: Головкин Олимпиада жөнінде мәлімдеме жасады

Сырым Қаржас

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы әрі ҰОК президенті Геннадий Головкин Олимпиада ойындарынан не күтетінін айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰОК

Америкалық журналист Кевин Айоле Головкиннен олимпиада барысында Қазақстан үшін қандай нәтиже сәтті болатынын сұрады.

– Шынымды айтсам, өз басым қашан да барымды салатын адаммын. Егер алтын медаль болса, бұл мен үшін үлкен жетістік болады. Егер кез-келген медаль болса, бұл да үлкен жетістік болмақ. Мен спортшы ретінде Олимпиаданың тағдыр екенін түсінемін. Бұл шеберлік жайлы әңгіме емес, бұл тағдыр, - деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, ақпан айының соңында Головкин Тимур Құлыбаевтың орнына ҰОК президенті болып келді.

GGG 2006 жылдан бастап кәсіби рингте өнер көрсетті. 2010 жылы ол алғаш рет әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар, Головкин орта салмақтағы әлем чемпионы атағын сәтті қорғаудың рекордына ие.