Франциядағы сайлау: оңшылдардың тарихи нәтижесі

Сырым Қаржас

Францияда кезектен тыс парламент сайлауының бірінші кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

AP Photo

BBC ақпарат агенттігінің хабарлауынша, қазіргі дауыс беру қарқынына қарайтын болсақ, нәтиже тарихта қалуы мүмкін. Өйткені елдегі әсіре оңшыл күштер билікке бұрын-соңды мұндай жақын келген емес.

Елде жүргізілген сауалнама қорытындысы Марин Ле Пен мен Джордан Барделла бастаған оңшыл Ұлттық қауымдастықтың көш бастағанын көрсетіп отыр. Үш апта бұрын бұл партия Еуропарламенттің Франциядағы сайлауында жеңіске жеткен еді. Ал саяси қарсыластарының мұндай жетістігін назардан тыс қалдырмаған президент Эммануэль оңшылдардың табысына таңданарлық реакция білдірген болатын.