Қазақстанның инстаграм-пабликтерінде тарап кеткен оқиғаның видеосы көрші елде болғаны анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Көптеген жарақаттары бар баламен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Азаптаушы оның өгей әкесі болып шықты, ол оқиғадан кейін психикалық ауруханаға жатқызылды. Т.Д.-мен бірге тұратын 26 жастағы жергілікті тұрғын Ш.Н., 6 жасар баласын белдікпен ұрып-соққан. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, - делінген жазбада оқиғаның нақты қай жерде болғаны көрсетілмеген.
Ulysmedia.kz тілшісі Қазақстанның ішкі істер министрлігіне хабарласып бұл оқиғаның Өзбекстанда болғанын білді.
Сол елде тараған ресми ақпараттарға қарағанда, 26 жастағы жергілікті тұрғын 6 жасар баланы белбеуімен ұрды. Баланың денесіне жарақат түсіп, оған медициналық көмек көрсетілген.
Сонымен қатар, медициналық куәландыру кезінде 26 жастағы ер адамның психикасында өзгерістер байқалғаны айтылады. Ол облыстық психиатриялық ауруханаға жатқызылған.