Мемлекет басшысы Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды

Сырым Қаржас
Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін таңертең Әзербайжан Республикасына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне қатысады. 

Мемлекет басшысын Физули қаласының әуежайында Әзербайжан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Ягуб Абдулла оғлы Эюбов қарсы алды.