Белгілі әнші Әбдіжаппар Әлқожаның қатысуымен Қонаев қаласында болған жағдайға қатысты жергілікті полиция департаменті түсініктеме берді деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.
Алматы облысының полиция департаменті оқиғаға қатысты толық мәлімет берді. Оқиға 6 шілде күні полиция қызметкерлері Toyota Camry көлігін тоқтатқан кезде болған. Тексеру барысында аталған көліктің жүргізушісі көлік құралын басқару құқығынан айырылып, рөлде отырғанын анықтады.
Әбдіжаппар Әлқожаның өзі басқа KIA Carnival көлігінде жолаушы ретінде болған. Ол сол сәтте тәртіп сақшыларына қысым көрсетіп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтіре бастағаны айтылған. Сонымен бірге, полицейлердің айтуынша, әнші мас күйде болған.
«Автокөлік айып тұрағына жеткізілген кезде KIA Carnival көлігінің жолаушысы азамат М. полиция қызметкерлеріне дөрекі сөйлеп, құқық бұзушыны тіркеуге кедергі келтіре бастаған.
Құқық бұзушы полиция қызметкерлеріне белсенді түрде бағынбағанын көрсеткен ер адам медициналық тексеруге жіберілді, оның қорытындысы бойынша «орташа алкогольдік мас болу дәрежесі» анықталды, деп атап өтті Алматы облысының жол полициясы басқармасының бастығы Бауыржан Әленов.
Нәтижесінде, көлік құралын басқару құқығынан айырылған күйде басқарғаны үшін «Тойота Камри» көлігінің жүргізушісі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.