Жаңаөзенде мұнай тасымалдайтын жүк көлігі отқа оранды

Сырым Қаржас

Маңғыстау облысында мұнай тиелген жүк көлігі өртенді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ТЖМ

Оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Өрт Жаңаөзен қаласы маңында, облыстық мәндегі тас жолының «Жаңаөзен - Жетібай ауылы» учаскесінде болған.

Алдымен жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртенген. Белгілі болғаны, көлік цистернасына мұнай толтырылған екен.

«Өрт сөндірушілер қоңырау түскен сәттен бастап 35 минут ішінде өртті сөндірді», - делінген хабарламада.

Оқиға салдарынан зардап шеккендердің бар-жоға және өрттің шығу себебі анықталып жатыр.