×
474.26
514.48
5.43
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.26
514.48
5.43

Оралда екі бала терезеден құлап кетті

09.07.2024, 13:20
Фото: Мой город

7 шілдеде Оралда балалардың терезеден құлауына байланысты екі қайғылы оқиға болды. Оның бірінде бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БҚО полиция департаменті бірінші жағдайдың 7 шілде күні кешке болғанын, бесінші қабат терезесінен құлаған баланың қаза тапқанын хабарлады. 

"Бала алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция өклідері.

Тура сол күні бес жастағы бала үшінші қабаттағы пәтер терезесінен құлаған. Ол облыстық балалар ауруханасына жеткізілген. Оның жағдайы орташа ауыр деңгейде екені хабарланды. 

Полиция мен денсаулық сақтау қызметтері ата-аналар мен қамқоршыларды абай болуға, мұндай жағдайларды болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауға шақырады. Атап айтқанда олар мынандай ұсыныс айтады: 

  • Терезеге қорғаныс құралдарын орнату.
  • Балаларды терезе маңында жалғыз қалдырмау.
  • Балаларға қауіпсіздік ережелері туралы жиі айтып отыр. 
Серіктес жаңалықтары