ТЖМ қызметкерлері Алакөлдегі адамдарды құтқарды

Сырым Қаржас

Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары Жетісу облысында өзен ортасында істен шыққан қайықтағы адамдарды құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

«Бүгін Ақши ауылында ТЖМ қызметкерлері Алакөл көлінің жағалауынан 12 шақырым қашықтықта 3 ер адамды құтқарып, жағалауға жеткізді. Олар қайық қозғалтқышының ақауына байланысты жағаға қайтып келе алмаған. Қайықтағыларға медициналық көмек қажет болмады», деп жазды ТЖМ баспасөз қызметі.