Ақмола облысында су ортасында қалған 4 адам құтқарылды

Сырым Қаржас

Көкшетау қаласы маңындағы Қопа көлін күзету кезінде жедел құтқару жасағы 4 адамды көріп қалып, құтқарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТЖМ

Құтқарылған азаматтардың жағадан 2,5 км қашықтықта гидроскутері тоқтап қалып, өздігінен жағаға жете алмаған. 

Оларға медициналық көмек қажет емес болып шықты.

ТЖМ сіздің қауіпсіздігіңіз - сіздің жауапкершілігіңіз екенін ескертеді.