Цой Pfizer-дің екінші партиясы елге қашан жеткізілетінін айтты

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, Pfizer вакцинасының екінші партиясы Қазақстанға 20 қарашаға дейін жеткізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстанға Pfizer вакцинасының 379 мың дозасы, яғни алғашқы партиясы жеткізілді. Екінші партия 20 қарашаға дейін жеткізіледі. Бүгінге дейін аталмыш вакцина елдің жеті өңіріне, атап айтқанда Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Түркістан облыстары мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларына жеткізілді. Қалған өңірлерге де ол кезең-кезеңімен тасымалданады», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, Қазақстанда Pfizer вакцинасы 1313 балаға, сонымен қатар аяғы ауыр және бала емізіп отырған 247 әйелге салынған.