Израиль әскері Йеменді бомбалады: жараланғандар саны 87 адамға жетті

Сырым Қаржас

Хуситтер бақылауындағы Денсаулық сақтау министрлігі Израильдің Йеменге жасаған соққысы салдарынан зардап шеккендер мен қаза тапқандар санын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ИРНА

ЦАХАЛ-дың әуе соққылары салдарынан 3 адам қаза тауып, ал жарақат алғандардың саны 87 адамға жеткені белгілі болды.  

«Ходейдадағы израильдік соққының салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 87 адам жараланды, алдын ала анықталған мәліметтерге сүйенсек, олардың көпшілігі қатты күйік алды», - деп хабарлады департамент.

Израильдің Йеменге шабуылы

Еске сала кетсек, бұған дейін Израиль әуе күштері Йеменге алғаш рет тікелей соққы бағыттағаны белгілі болған. Al Arabiya телеарнасының хабарлауынша, Ходейда қаласына шабуылды Израиль әуе күштерінің 12 жауынгерлік ұшағы, оның ішінде заманауи F-35 жойғыштары жасаған. Әуе соққылары хуситтер бақылайтын жергілікті мұнай өңдеу зауытындағы электр станциялары мен дизель цистерналарына зақым келтірді.