×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Алматы зообағы жұртшылыққа жаңа "тұрғындарын" таныстырды

21.07.2024, 18:19
Алматы зообағы жұртшылыққа жаңа "тұрғындарын" таныстырды
Видео кадры

Алматының хайуанаттар бағында дүниеге келген теңбіл бұғылардың екі төлі көпшілікке көрсетілді, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz.

Мұндай қуанышты жаңалықты зообақ әкімшілігі әлеуметтік желі арқылы бөлісті.

"Бізде қуанышты жаңалық бар! Теңбіл бұғылардың қатары толықты – екі төл дүниеге келді! Бұл сүйкімді сәбилер қоршаған әлемді зерттей бастады және белсенділігімен, ойнақылығымен қуантады. Біздің зообаққа келіп, жаңа тұрғындармен танысыңыздар! Олар сіздерге көптеген жағымды эмоциялар сыйлайтынына сенімдіміз", – делінген зообақ әкімшілігінің парақшасында.