"Бұрын кетуім керек еді": Орал қаласының әкімі отставкаға кетті

Ulysmedia

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: gov.kz

Ол қызметінен кетуге “мәжбүр” екенін айтты. 

«Денсаулығым сыр беріп, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенмін. Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша, өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім. Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс ісдедік деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарымен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге 2 жыл бойы сүйікті қаламызды одан ары көркейтуге тырыстық», - деп жазды М.Сатқанов.

Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылы 26 сәуірде тағайындалған еді.