Қонаевта өзеннен әйелдің мәйіті табылды

Әлихан Асқақ

22 шілдеде Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Қонаев қаласындағы Қаскелең өзенінен әйелдің денесін тауып алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

скрин

Куәгерлер әйелдің өзенге құлағанын, оны қатты ағын алып кеткенін хабарлады. Құтқарушылар денені болжамды құлау орнынан 1,5 км қашықтықта тапты.

Құтқарушылар қоңырауға жедел жауап беріп, іздеу жұмыстарын бастады, бұл денені сәтті анықтауға әкелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.