Lifelearning: Бес баласы бар танымал блогер күйеуімен ажырасып кетті

Ғалиасқар Думан

Бес баланың анасы, желіде Lifelearning деген атпен танымал блогер Жанель Ермекбаева Бейбіт Әлібековке берген сұхбатында күйеуімен ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Instagram: @lifelearning

“Күйеуіммен ажырасқанбыз. Ол кетіп қалды”, – дейді блогер.

Оның сөзінше, күйеуімен ажырасқан соң бес бала да өзімен қалған.

Әңгіме барысында блогер күйеуімен Чикагода екі жыл тұрғанынын айтты. 

“Ол оқыды. Сосын Лондонда сегіз жыл тұрдық. Күйеуім сонда жұмыс істеді. Одан кейін Берлинде алты жыл тұрдық. Ең жақсы жер Алматы екенін түсіндім”, – деді блогер. 

Бейбіт Әлібековке үйін аралатқан Жанель Ермекбаева пәтерді былтыр ақпан айында 190 миллион теңгеге сатып алған. 

Жанель Ермекбеваның Instagram желісінде 1,2 миллион оқырманы бар. Негізінен үй шаруасындағы әйелдер сүйіп көретін блогер. Көбіне ірі компанияларды жарнамалайды.