Дәрігер спортшының қолынан қаза тапты

Ulysmedia

Гуамда тұратын ресейлік ММА күрескері «АК 47» Хожиев дәрігер Миран Рибатиді өлтірді деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

gazeta.ru-дың мәліметінше, 27 жастағы Хожиев бірінші дәрежелі өлімге әкелетін қарумен өлтірді және екінші дәрежелі өлімге әкелетін қарумен шабуыл жасады деп айыпталып отыр.

Қайғылы жағдай 7 қараша күні Тамунингте болған. Сот оны босату үшін 1 миллион доллар көлемінде кепіл тағайындады.

Guam Daily Post-тың мәліметінше, Хожиев пен 42 жастағы Рибати жергілікті спорт кешенінен шығып, түскі ас ішу үшін Акмалдың үйіне барған. Екеуі коронавирусқа қарсы вакцинаға қатысты дауласып қалған. Акмал әлеуметтік желідегі парақшасына вакуинаға қарсы екенін бұрын да бірнеше мәрте жазған.  

Сөзге келіп қалған Хожиев дәрігерді тұншықтыра бастайды. Оқиғаның куәгері оған кедергі болуға тырысады, бірақ Акмал оның басынан екі рет ұрған. Одан кейін Акмал асүйге кіріп, тамақтан қалған сүйекті алып, Рибатидің мойнынан бірнеше рет ұрған. Зардап шегуші қашып кетуге әрекет еткен, бірақ Акмалдың құрығынан құтыла алмаған. Акмал оны пышақтап тастаған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген кезде Акмал мәйіттің үстінде отырған. Дәрігер оқиға орнында көз жұмды.