×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталып кетті

01.08.2024, 12:23
Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталып кетті
ашық дереккөзден

Түркістан облысы Дезинфекция орталығының бас директоры сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Антикор мәліметі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Түркістан облысы бойынша дезинфекция орталығы филиалының бас директоры К.Төрегелдиевке және жеке компанияның басшысы Д. Озықбаевқа үкім шыққанын хабарлайды. Төрегелдиев алаяқтық, пара беруге итермелеу және немқұрайлық танытқаны, ал Озықбаев пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылған.

Қылмыс

Төрегелдиев мекемеле жүргізіліп жатқан аудиторлық тексеру жөніндегі мәселенің шешімін оң жақты еткені үшін лауазымды тұлғаларға пара беру сылтауымен Озықбаевтың 500 мың теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденген. Сондай-ақ Төрегелдиев өз міндеттерін тиісінше орындамай, орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойып, сол арқылы мемлекетке 2,2 млн теңге сомаға залал келтірген.

Үкім 

Сот үкімімен Төрегелдиевке 3 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза, Озықбаевқа 7,5 млн теңге көлемінде айыппұл тағайындалды. Сонымен қатар аталған адамдар мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойы айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.