Атырау маңында екі бала суға батып кетті

Сырым Қаржас

Атырау қаласының шетіндегі ауылда екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ДАМБА АУЫЛЫНДАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

1 тамыз, бейсенбі күні түстен кейін Атырау қаласына іргелес Дамба ауылында болған қайғылы оқиға кезінде бір отбасының екі баласы суға батып кетті.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Сағат 16:20-да Жедел-құтқару жасағының сүңгуірлері судан 2017 жылы туған баланың денесін алып шықты. 2015 жылы туған қызды іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатар. Оқиға орнында құтқарушылар, полиция бөлімінің қызметкерлері және жергілікті тұрғындар жұмыс істеп жатыр.