Алматы қаласының қоғамдық көлік саласында енгізілген өзгерістерге байланысты 3 тамыздан бастап автобус жолақысы 120 теңге болып бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұдан былай қауіпсіздікті арттыру мақсатында қолма-қол ақшамен төлеу алынып тасталады. Яғни жүргізуші ақша жинауға алаңдамауы тиіс.
Жолаушылардың 97%-дан астамы қолма-қол ақшасыз есеп айырысады.
Төлем әдістері:
— Көлік картасы («Onay» филиалында және 115 пункте қолжетімді).
— Ұялы телефоннан SMS жіберу арқылы.
— Мобильді қосымша (ағылшын тілінде интерфейсі бар).
Жүргізушілердің заң бұзуын тіркеу үшін бірыңғай бақылау қызметін құру мәселесі қаралып жатыр.
Жол жүру билеттерінің құны:
ҰОС ардагерлері, 75 жастан асқан зейнеткерлер, 1, 2-ші топтағы мүгедектер, 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар, саяси қуғын-сүргін құрбандары мен басқа мемлекеттердің аумағындағы әскери қимылдардың ардагерлері т. б. тегін жүреді.
Студенттер, зейнеткерлер, көпбалалы аналар мен мүгедек балалармен бірге жүретіндерге 50% жеңілдік бар.
Қалалық мобилділік басқармасы тегін ауысып отыруға мүмкіндік беретін жол жүру билеттерінің жаңа нұсқасын әзірлеп жатыр.