Норвегияда пандемия басталғаннан бері коронавирус инфекциясымен сырқаттанудың рекордтық тәуліктік өсімі тіркелді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
24kz-ның мәліметінше, бір тәулікте өңірде 2552 жаңа жағдай тіркелген.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, Норвегияда бір апта ішінде вирустан өлім-жітім 67% артты. Пандемия басталғалы бұл елде коронавирус инфекциясының 235 314 дерегі анықталып, 995 науқас көз жұмды.