Euronews Қазақстанды барлық жағынан көрсетеді

Қалижан Бектемір

Бельгияның астанасы Брюссельде мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвидпен кездесті, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

euronews.com

Кездесуде тараптар Астанада Euronews Орталық Азия хабының өкілдігін ашу туралы келісімге қол қойды.

Министрліктің хабарлауынша, Қазақстан Орталық Азия өңірінде шешуші рөл атқара отырып, мемлекет өмірінің барлық салаларында ауқымды өзгерістер жүргізуде. Сондықтан Астанада Euronews өкілдігінің ашылуының тарихи маңызы зор.

«ЕЛІМІЗ ҮШІН МАҢЫЗДЫ ОҚИҒА»

Біз үшін бұл Қазақстанды әлемге қайта таныстыруға керемет мүмкіндіктер ашатын маңызды оқиға болды.

Қазақстан – ұлы көшпенділер өркениетінің тікелей мұрагері ғана емес ең бай мәдени және тарихи мұрасы, тамаша табиғаты, танымал адамдары бар мемлекет .

Қазақстан – өркениетті әлеммен өзінің қайталанбас рухани-мәдени мұрасы және әлеуметтік-экономикалық әлеуетін бөлісуге ғана емес, бейбітшілік үшін жан жүрегін беруге дайын мемлекет. Сондықтан мен Euronews командасының Қазақстан туралы бүкіл әлемге еліміздің жүрегі - әсем Астанадан хабар тарататынына өте қуаныштымын!, - деді Аида Балаева кездесуде.

EURONEWS ҚАЗАҚСТАНДА БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ШЕБЕРЛІК САБАҒЫН ӨТКІЗЕДІ 

Euronews командасы жақын арада қазақтың өнері, мәдениеті мен өмір салты туралы modern nomads телешоуын, елдегі іскерлік және экономикалық оқиғаларды, «Орталық Азиядан шыққан дауыстарды» - өңірдің белгілі қайраткерлерімен сұхбаттарды, ірі өңірлік іс-шараларды және оқыту тренингтерін өткізуді қамтитын «Шығыс пен Батыстың байланысы» бағдарламасын, бірқатар репортаждарын көрсетуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге отандық БАҚ және баспасөз қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін шеберлік сабақтарын өткізеді.

Бұл Қазақстан үшін де, Euronews үшін де өте маңызды қадам.

ТЕЛЕАРНАНЫҢ ДҮНИЕЖҮЗІ БОЙЫНША 1,2 МЛРД КӨРЕРМЕНІ БАР

Біздің арнаныі бүкіл әлем бойынша 1,2 миллиард көрермені бар. Сондай-ақ біз Орталық Азияда көптен бері өкілдік ашуды жоспарланған болатынбыз, - деп атап өтті Euronews директорлар кеңесінің төрағасы Педро Варгас Дэвид.

Euronews қыркүйек айында Астанада өтетін Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ақпараттық серіктесі болу туралы бастама көтерді.

Былтыр Қазақстан Республикасы президенті телерадиокешенінің «Silk Way» халықаралық телеарнасы Әзербайжан Республикасы кабельдік телевизиясының 14 операторының арналар пакетіне енген болатын.

Арна директоры Еркежан Күнтуғанның айтуынша, былтырғы жылдың 15 мамырдан бастап Әзербайжан Аудиовизуал кеңесінің қолдауымен «Silk Way» телеарнасын «K@TV1», «BAKTELECOM», «AZTELEKOM», «BİRLİK», «AZOL TV», «AZEUROTEL», «AZERİ TV», «BOSS GROUP», «GSP», «EUROSEL», «RAHAT TELECOM», «BEEONLİNE», «MEGALINK TV», «ODTV» абоненттері тамашалап келеді.