Короновирус: Президент олимпиадашылармен кездесе алмай қалды

Қалижан Бектемір

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Олимпиялық ойындарға қатысып, жүлде алған спортшылар мен олардың жаттықтырушыларымен кездесуі короновирус індетіне байланысты кейінге шегерілді, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

akorda.kz

Бұл туралы Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

СПОРТШЫЛАР МЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫЛАРДАН КОРОНОВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Өздеріңізге белгілі, президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.

Қасым-Жомарт Кемелұлы ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, - деді ол.

Оның айтуынша, мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр.

Еске салсақ, биылғы Олимпиадада Қазақстан спортшылары 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальді иеленіп, жалпыкомандалық есепте жарыста 43-орынмен аяқтады.