Ташкент әуежайында адам саудасының жолы кесілді

Сырым Қаржас

Ташкент әуежайында 20 жастағы қызды Дубайға жезөкшелікпен айналысуға жібермек болған оқиғаның жолы кесілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

uznews.uz

Бұл туралы uznews.uz сайты Ташкент қалалық ішкі істер басқармасына сілтеме жасап ақпарат таратты.

Ангрен тұрғыны 20 жасар қызды Дубайға жібергені үшін 2 мың доллар алған. Өзбекстан астанасының әуежайында тәртіп сақшылары қызды құтқарып қалды.

Осылайша Ташкент облысы ІІБ ОКҚ қызметкерлері жүргізген жедел іс-шара барысында адам саудасы әрекетінің жолы кесілді. 20 жастағы С.Т.-ны Дубайда жоғары табыс табасың деп алдап көндірген азамат 20 жастағы Ангрен қаласының тұрғыны болып шықты. Ол қызды БАӘ-ге жібермек болған кезде әуежайда ұсталды.

Қызды жібергені үшін жас жігіт Дубайда тұратын әйелден 2 мың доллар алған болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша 1-бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы (Адам саудасы) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.