×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ол ерекше білікті - Ақ үй Сәуле Омарова жайлы

21.11.2021, 09:50
Фото: Ашық дереккөзден

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки АҚШ әкімшілігі атынан АҚШ сенаты Сәуле Омарованы америкалық Қаржы министрлігінің валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымына бекітер деп үміт білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы Гaзeтa.ru ақпарат көзіне сілтеме жасап.

«Президент оны (Омарованы) ерекше білікті болғаннан кейін лаузаымға ұсынды. Әлбетте, біз оны бекітілер деп күтіп отырмыз», - деді Псаки.

Ақ үйдің өкілі Омарова валюталық бақылау басқармасының басшысы лауазымында Сәуле Омарова өзін тиімді түрде көрсете алар деп сенім білдірді.

Еске сала кетсек АҚШ президенті Джо Байден 2 қарашада Сенаттың қарауына Сауле Омарованың кандидатурасын Қаржы министрлігінің валюталық бақылау басқармасының (Office of the Comptroller of the Currency) басшысы лауазымына ұсынған болатын.

Алайда Омароваға АҚШ банк жүйесінде алдында ақталуға тура келді. Джон Кеннеди Сәуле Омарованың жас кезінде комсомол болғанына тиіскен. Ал оған жауап қайтарған Сәуле Омарова КСРО кезінде көп қатарластары комсомол ұйымына мүшелікке енгенін келтіріп, өзі коммунист емес екенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары