Астанада көшеден ер адамның мәйіті табылды

Ілияс Бақыт

53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

Фото: polisia.kz

Астанада кеше сағат 18:50-де 102 арнасына Байқоңыр ауданының Янушкевич көшесінде ер адамның денесі табылғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметінше, оқиға орнында пышақ жарақатын алған 53 жастағы ер адамның мәйіті табылды.

«Тәртіп сақшылары жедел іздестіру шараларының барысында 31 жастағы күдіктіні қолға түсірді. Алдын ала мәлімет бойынша, екі адамның арасында жанжал туып, соңы кісі өлімімен аяқталған. Заттай дәлел ретінде пышақ табылып, қылмыстық іс қозғалды»,- делінген хабарламада.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.