×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

Қыдырәлі мен Қарақат күміс той жасап, некелерін қиды

21.08.2024, 10:16
Қыдырәлі мен Қарақат күміс той жасап, некелерін қиды
Фото: видеодан алынды

Шаңырақ көтергендеріне 25 жыл болған Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина күміс тойларында неке қию рәсімін өткізді

Шаңырақ көтергендеріне 25 жыл болған Қыдырәлі Болман мен Қарақат Әбілдина халық алдына балаларымен бірге шығып, күміс тойларында неке қию рәсімін өткізді, хабарлады Ulysmedia.kz.

«Жар-жар деп кіріп келген жас жұбайлардың сәлемін қабыл алыңыздар! Салтанатты неке қию рәсімі! Қуанышымызға ортақтасып ақ тілегін арнап жазып жатқан жақсы адамдарымызға алғыс», - деп жазды әнші Қарақат Әбілдина Instagram-дағы парақшаасында.

Желі қолданушыларының бір тобы әншілерге бақыт тілеп, ақжарма тілектерін арнаса, енді бір тобы оларды сынап тастаған.

«Бақытты болыңыздар Алла тіл көзден сақтасын», «Бәрі де өте жарасымды», «Той құтты болсын!», «Жүз жасаныздар көрінген ұл қыздарыныздын , рахаттын бақыттын көрініздер», «Кумыс той құтты болсын», «Не істерлерін білмей ақшаларын қайда шашарын білмей жүргендер ғой, пандемия кезінде шетелге қашып кетіп еді, қазақтардан ақшаны жинап алады да, қиындық келсе басыңа жоқ болады», «Байлар тойып секіреді, кедейлер тоңып секіреді», «Бұл слишком артық енді, халық тарығып кредит алып күн көргенде, ертең бәрі өйстіп жасайық деп шығады», «Құдай-ай, тағы не шығардыңдар, жетіскендер-ай, одан да келін алмадыңдар ма, іштерің пысса», «Басқаша жасауға болады ғой, ұл үйлендіріп жатса бір сәрі», - деп жазды олар.

Ата кетейік, биыл алғашқы жарты жылдың ішінде елімізде 57,5 ​​мың неке қиылып, 18,6 мың ажырасу тіркелді.