×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

МӘМС-ке жауапты Ысқақов айлығы қанша екенін айтты

22.08.2024, 12:24
МӘМС-ке жауапты Ысқақов айлығы қанша екенін айтты
Коллаж Ulysmedia.kz

Қазақстанның әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма басшысы Әбілқайыр Сқақов айына 1,4 млн теңге айлық алатынын мәлім етті. Шенеунік салықтардың бәрін шегерген кезде осынша ақша алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сыйақылар

МӘМС басшысынан қордың есебіне сәйкес, жалпы сомасы ондаған миллионды құрайтын қызметкерлерге төленетін сыйақылар жайлы сұралды. 

Бұл сұраққа жауап бере отырып, Ысқақов топ-менеджерлерден басқа KPI мен жетістіктерін ескере отырып, қызметкерлерге сыйақы төленетінін айтады.

– Қордың топ-менеджерлері – бес адам. Олар соңғы үш жылда ешқандай бонус алмады. Бұрын алмаған және қазір де. Мен және менің орынбасарларым алатын ең жоғары сыйақы - бұл жылына 650-700 мың теңге деңгейінде. Ол директорлар кеңесінің шешімімен шектеледі. Сондықтан бұған дейін тараған ақпарат (топ-менеджерлерге арналған сыйақы) шындыққа сәйкес келмейді", - деді Ысқақов. 

Жалақы

Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, журналистер МӘМС басшысының жалақысы қандай екенін сұраған. Әбілқайыр Ысқақов ойланбастан "таза" айына 1,4 млн теңге алатынын жеткізді. 

Сонымен қатар, баспасөз мәслихатында басқарма басшысы МӘМС жүйесін өзгерту туралы жарияланған петицияға түсініктеме беріп, "әр нәрсенің өз уақыты бар" деді.