Коронавирус қаупі. Елде 1300-ге жуық адам ауырып жатыр

Әлихан Асқақ

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індеті жағдайын тұрақты деп бағалайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
 

дереккөз

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ эпидемия өршіген жағдайда мәселе қарастырылады. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 1 290 адам тіркелген.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Тамыз айы басталғалы 27 адам коронавирусқа шалдыққан, оның ішінде 13 науқас Астанада, 5-і Алматыда және Маңғыстау облысында, тағы біреуі Ақмола облысында. Пневмониямен ауырған КВИ-дің тағы үш жағдайы Астанада, Ақмола және Қостанай облысында тіркелген. Науқастардың бәрі кәмелетке толған және өлім тіркелмеген.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус індеті жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қазақстандықтар ұжымдық иммунитетті қалыптастырды және вакцинаға сұраныс жоқ. Алайда пессимистік жағдайда әрекет етуге дайын.