Австрияда төртінші локдаун басталды

Ulysmedia

Бүгін Австрияда төртінші рет локдаун басталды. Шектеу шаралары 10 күнге жарияланған, бірақ билік эпидахуал жақсармаса, карантин тағы 10 күнге созылуы мүмкін, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: ашық дереккөз

24kz-ның мәліметінше, елде коронавирустан көз жұмғандар саны 3 есе артқан. Ауруханалар мен жансақтау бөлімдері науқастарға тола бастаған. Енді тұрғындарға далаға шыға беруге болмайды. Тек азық-түлік алу, дәрігерге көріну немесе жаттығулар жасау үшін сыртта жүруге рұқсат бар.

1 ақпаннан вакцина салдыру міндетті шараға айналады. Қазір бұл елде 8 миллион 900 мың халықтың 66%-ы толық екпе алған. Бұл – вакциналау деңгейі бойынша Батыс Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштің бірі.

«Жаңа жыл жақындаған сайын көңіл-күйім көтеріліп келе жатыр еді. Базарға барып жақындарыма сыйлық алуды жоспарлап жүр едім. Енді жағдай өзгерді. Көнбеске амалымыз жоқ», - дейді заңгер Лиза Бернштайнер.