×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Жаңбыр, бұршақ, тұман: 29 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

29.08.2024, 08:33
Жаңбыр, бұршақ, тұман: 29 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
Фото: istockphoto.com

«Қазгдромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы  29 тамызда  болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстанның аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағаймен, бұршақпен, дауылмен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жаңбыр жауады. Тек батыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, республиканың орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан  облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау  облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда  облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.