Елде 35 мыңнан астам адамға Pfizer вакцинасы салынды

Аян Өрібай

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елге бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Қазақстанға бүгінге дейін Pfizer вакцинасының 645 мың дозасы жеткізілді. Елде осы вакцина салынуы тиіс халықтың 35012-не аталмыш вакцина салынды. Олардың ішінде 26 354 адам – бала болса, 8 658-і – жүкті әйелдер. Вакцина жеткізу жұмыстары апта сайын жалғасуда», - деді Алексей Цой үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, елде ересектердің 70 пайызы (7,9 млн адам) вакцина алып үлгерген.