Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты

Ілияс Бақыт

Алматы облысында “Өгей қызын зорлады” деп айыпталған азамат ақталды. деп хабарлайды Ulysmedia.kz  "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ашық дереккөзден

Резонанс істі "қылмыстық құрам жоқ" деп прокуратура тоқтатты. Қылмыстық істің анық-қанығына ету үшін 90 парақтан тұратын комплекстік сараптама тағайындалған болатын. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық полиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Ақырында әділдік орнап, айыпталушы бостандыққа шықты. 

«12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауднының прокуроры Дидар Әскербеков мырза және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов мырза өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көздері жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның Конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті», - дейді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Бұл-бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстан құрудағы оң қадамның жемісі, дейді заңгер. Бұл -прокуратура жұмысының айқындығы мен анықтығы. Заң салтанат құрған елде ғана әділдік орнайды. Демек заң мен тәртіп халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс.