Елімізде «Жайлы мектептер» ашылды. Олардың ерекшелігі?

Қалижан Бектемір

Елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 20 нысан қолданысқа берілді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрлігі

“ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ” ЕРЕКШЕЛІГІ НЕДЕ?

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асуда. Ол оқушы орнының жетіспеушілігін шешуге және қала мен ауыл мектептері арасындағы алшақтықты азайтуға бағытталған. Жобада функционалды және қауіпсіз білім беру ортасын құруға ерекше назар аударылады.

Бастауыш және жоғарғы сынып оқушылары үшін бөлек блоктар қарастырылған. Сондай-ақ техникалық құралдарды енгізу арқылы қауіпсіздік шараларын арттыру, ерекше білім беруді қажет ететін балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру, мектепті заманауи пәндік кабинеттермен жабдықтау талап етіледі. 2024-2025 оқу жылында барлығы 217 нысанның құрылысы жүруде.

ҚАЗАҚСТАНДА ҚАНША ОҚУШЫ БАР?

Жалпы қазақстандық мектептерде 3,9 млн оқушы білім алады. Биылғы жылы 352 мың балақай алғаш рет мектеп табалдырығын аттады, ал 11 сыныпқа 219 мың оқушы көшті.

МЕКТЕП ТАПШЫЛЫҒЫ

Былтыр Оқу-ағарту министрлігінің Қаржы және бюджетті жоспарлау департаменті жақында мынадай есеп жариялады: 2026 жылға қарай мектептердегі орын тапшылығы 1 млн 100 мыңға жетуі мүмкін. Қазір Қазақстанда 7700 мектеп бар. Жалпы, оқушы саны: 3 млн 900 мың. Ал 3 жылдан кейін 4,5 млн-ға жетеді деп болжанып отыр. Демек, Ұлттық жоба (“Жайлы мектеп”) аясында салынатын 369 мектеп те мәселені түбегейлі шешпейтін сияқты.

Осы орайда тағы бір дерек: 30 жылда 1600 мектеп жабылып қалды. Тапшылық қалаларда қатты сезіледі. Урбанизация салдары. Ал жұрт жаппай көшіп кеткен ауылдарда 2-3 қабатты ғимараттар қаңырап тұр...