«Халықтың көңілін қимай, келісеміз»: Гүлзира Айдарбекова не үшін ән айтып жүргенін түсіндірді

Қалижан Бектемір

Қайрат Нұртастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі оқырмандарына не үшін ән айтып жүргенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Фото: ашық дереккөз

Әнші Шаһизадамен бірге видео түсіріп, жариялаған ол өтініш жасайтындар көп екенін жеткізді. 

Шәкеңнің сахнада жүргеніне 40 жыл толды емес пе?! Мен мүлдем әнші емеспін. Мені әнші еткен – халық. “Қызымды ұзатып бер”, “Ұлым мен келінімді кіргізіп бер”, “Аға екеуіңіз той алдында әннен шашу шашсаңыздар”, “Жолдарыңызды берсін” деп өтініш жасайтын жандар көп. Көңілдерін қимай, келісеміз, – деді продюсер.

Оның айтуынша, продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды.

Қуаныштарына ортақ боламыз. Өзіме продюсерлік жұмысым ұнайды. Сол жұмысым бәрінен жоғарырақ. Жалпақ тілмен айтсам, продюсер – зауыт, әнші – өнім. Продюсер мықты болса, әнші жоғалмайды. Жаңа, түрлі жобалар жасайды. Спортшылардың да бапкері мықты болса, чемпион болады. Сол секілді дүние, – деді Гүлзира Айдарбекова.