Маңғыстау облысында қоқыс таситын көлік жарылды

Сырым Қаржас

Маңғыстау облысында жол бойында қоқыс таситын көлік жарылып, жақын маңдағы ғимарат терезесі қираған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Видео кадры

7 қыркүйек күні сағат 12:01-де Мұнайлы ауданында «Әйгерім» мейрамханасының маңындағы жол бойында қоқыс таситын көлік өртенген. Көлік ішінде газ баллоны жарылып, жарылыс толқыны 20 метр қашықтықта орналасқан азық-түлік дүкенінің терезелерін сындырып, баннеріне зақым келтірген.

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрт сағат 12:14-те сөндірілді. Өртті сөндіруге жеті өрт сөндіруші мен екі техника жұмылдырылған.