×
487.37
532.94
5.09
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
487.37
532.94
5.09

Ағам да, құдам да жоқ – бұрынғы спорт шенеунігі сотта соңғы сөзін айтты

13.09.2024, 19:01
Ағам да, құдам да жоқ – бұрынғы спорт шенеунігі сотта соңғы сөзін айтты
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бүгін, 13 қыркүйекте Астанада спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұрынғы төрағасы Самат Ерғалиевтің ісі бойынша кезекті сот отырысы өтті. Бұрынғы шенеунік үкім шығарар алдында соңғы сөзін сөйледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Самат Ерғалиев биыл ақпан айында ұсталған. Оған қылмыстық кодекстің 361-бабы (ауыр зардаптарға әкеп соқтырған лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша айып тағылған. Тергеу Ерғалиев 2019 жылғы Сурдлимпиада ойындарынан кейін жаттықтырушылардың сыйақысын алған деп санайды – сол кезде ол "Спортты дамыту дирекциясы"РМҚК директоры болған.

“Ағам да, құдам да жоқ"

Бүгін отырыста сотталушы Ерғалиев соңғы сөзін сөйледі. Бұрынғы шенеунік соттан айыптаушы тарап еш дәлел келтірмегенін көрсетіп, өзін ақтауды сұрады.

– Құрметті сот, сенің мені ақтасаңыз екен. Сот процесі өтті, еш дәлел болған жоқ. Тергеу процесі басталған кезде мен немқұрайлығым үшін кінәлі екенімді айттым. Мен мұны мойындаймын, ал қалған бөліктерін мойындамаймын, - деді ол.

Ерғалиев соттың назарын еңбек жолына аударды. Оның айтуынша, ол өмір бойы мансап жолымен адал әрі өз күшімен жүрген. Бұрынғы спорт функционері ойында қылмыстық пиғылы болмағанын айтады.

– Мен әрқашан мемлекет пен спорттың игілігі үшін жұмыс істедім. Мен ауылдан шыққан адаммын. Ағам да, құдам да жоқ, Мен спортшыдан спорт министрлігінің қызметкеріне дейін көтерілдім. Ақылыммен жеттім. Менде марапаттар, алғыс хаттар жетеді, өйткені мен елде ұлттық спорт түрлерін дамыттым.

Дирекция шағын мекеме, ал мен мемлекеттік қызметте — Астана қаласы спорт басқармасының бастығы, комитет төрағасы болып жұмыс істедім. Егер менде осындай пиғыл болса, мен баяғыда, сол жерлерде жемқорлыққа барар едім. Менің жанымда да, жүрегімде де мұндай нәрсе болған жоқ. Қалай болғанда да, мені жемқор етіп шығарыпты. Сол үшін күйінем. Спорт қоғамы алдында, балаларының алдында ұят, - деді Ерғалиев.

Ол сөзін аяқтағаннан кейін сот кеңесу бөлмесіне кетті. Үкім 16 қыркүйекте жариялануы керек.

Бұрынғы шенеунік қысқы сурдолимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының жеңісінен кейін жаттықтырушыларға төленген ақшаны иемденді деп айыпталып отыр. Тергеу нұсқасы бойынша, ол бапкерлерді жарысқа жіберіп, сыйақының пайызын алуға келіскен-мыс.