Италия үкіметі COVID-19 таралуын болдырмау шарасын мақұлдап, санитарлық рұқсаттамалардың жаңа түрін жасады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
interfax.ru-дың мәліметінше, Super Green Pass деп аталатын жаңа құжат 6 желтоқсан мен 15 қаңтар аралығында әрекет етеді. Қажет болса, билік оны одан әрі пайдалану туралы шешім қабылдайды.
«Супер жолдама» тоғыз айға беріледі. Оны тек вакцина алған және жақында ғана COVID-19 ауруына шалдыққандар ғана ала алады.
Super Green Pass елдің коронавирустан аз зардап шеккен бөлігінде шоуларға, концерттерге, стадиондарға, түнгі клубтарға, қоғамдық іс-шараларға, жабық барлар мен мейрамханаларға бару үшін қажет болады.
Негізгі Green Pass қоғамдық көлікті пайдалану, кеңсеге жұмысқа бару және қонақүйлерде тұру үшін қажет.
15 желтоқсаннан бастап COVID-19-ға қарсы вакцинация тағы бірнеше мамандықтар үшін, атап айтқанда: әскерилер, полиция және денсаулық сақтау саласындағы әкімшілік қызметкерлер үшін міндетті болады. Медицина қызметкерлері үшін вакцинаның үшінші, яғни күшейткіш дозасы міндетті болады.