Алматының қақ ортасындағы зәулім хан сарайындай пентхаус. Үйдің ішінде фитнес бөлмесі, моншасы тіпті лифтке дейін бар. Және мұндай даңғарадай баспананың иесі 24 жастағы жігіт. Ол кім, үйі қандай? Сізге де қызық па? Ulysmedia.kz материалында толығырақ.
Бейнежазба блогер Бейбіт Әлібековтың ютуб арнасында жарияланды.
Зәулім пентхаус он тоғызыншы қабатта орналасқан. Бейбіт Әлібековтың сөзінше6 оның иесі 24 жастағы Жәнібек есімді азамат. Ол бұл баспанада жұбайы Каринамен, балаларымен және өзінің апасымен тұрады.
“Баспананың жалпы аумағы 500 шаршы метр. Мынау екі жыл бұрын күрделі жөндеуден өткен нұсқасы,”- дейді Жәнібек.
Кейіпкердің өзі шаңырақ көтергеніне бес жыл болған. 19 жасында үйленген. Отбасымен санитарлық техника алып-сатумен айналысады. Ал бұл зәулім баспананы Жәнібекке әкесі сыйлаған.
Жәнібектің айтуынша, алып баспананың ішінде жанға керектің бәрі бар. Керемет пейзажға қараған терасса, түрік хамамы, орыс моншасы, шатырдағы кинотеатр, фитнес бөлмесі.
Тіпті кір жуатын бөлмеген апаратын арнайы лифт те бар.
Ал үйдің көз тартарлық бағалы материалдардан жасалған сәнді дизайыны тіпті бөлек әңгіме.
Жәнібек сөз арасында жаңа үйге көшуді жоспарлап отырғанын айтып қалды. Тіпті жөндеу жұмыстарын да бастап кеткен. Ал көпті қызықтырған пентхаусын сатуға шығармақшы екен.
Көпшілік видеоның астына кейіпкер туралы жағымды пікірлерін қалдырған. Жәнібектің жақсы материалдық жағдайына қарамастан қарапайым, ақжарқын қалпын сақтап қалғандығын алға тартқандар бар.
ӘЛІБЕКОВ ДЕГЕН КІМ
Бейбіт Әлібеков – 1984 жылы дүниеге келген. Алматы қаласының тумасы. Журналист, кәсіпкер, блогер. BlackBerry медиа холдингі мен баспасының иесі, Astana Watch Club қазақстандық сағат клубының, Alibekov брендінің негізін қалаушы, оның аясында киім, парфюмерия, кофе және аксессуарлар шығарады. Ютуб арнасында 350 мыңнан астам жазылушы бар.