Қазақстанда қызға дөрекі қырындағандар жазалана ма – ІІМ вице-министрінің жауабы

Аян Өрібай

Журналистердің сұрақтарына жауап берген ІІМ басшысының орынбасары Игорь Лепеха осы сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Коллаж: ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ 

Шенеунік бұл тақырып талқыланып жатқанын айтты, бірақ министрлік әлі нақты ештеңе ұсынбаған. 

– Қазір біз алдын алу туралы жаңа заң әзірлеп жатырмыз. < ... > Әлі ештеңе ұсынбаймыз, тек осы мәселе айтылып, харассмент және басқа да мәселелер көтеріледі. Пікірлер әрқилы. Біреу қатты қолдайды, біреу мүлде қарсы, - деді ол.

ХАРАССМЕНТ 

Бұған дейін Қазақстанда харассмент үшін жаза енгізілетіні хабарланған болатын.

Харассмент – бұл қорлау және жыныстық қудалау. Бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха заңнамаға "харассмент" және "сталкеринг" ұғымы енгізілетінін айтқан болатын. Шенеунік бұл мәселеде "менталитеттің ерекшеліктерін" ұмытпау керектігін де айтады.