Шу ауданында өздеріне 62 млн теңге сыйақы тағайындаған ветстанса бастығы мен есепшісі сотталды

Аян Өрібай

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі олардың 7 және 8 жылға сотталғанын жария етті, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөздерден

«Шу аудандық сотының үкімімен Шу ауданының Ветеринарлық станциясы директоры Д. Тілемісов (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) 8 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сол мекеменің бас бухгалтері С. Аукешева (ҚК 189-б. 4-б. 2-т.) 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады агенттіктен.

Олар іс жүзінде жеткізілмеген тауар-материалдық құндылықтар үшін үлестес компаниялардың шоттарына оларды негізсіз аударған. Сондай-ақ өздеріне көтеріңкі жалақы, сыйлықақылар мен іссапар шығыстарын негізсіз аудару жолымен 62 954 936 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.