“Рэкетир” фильміндегі белгілі актер ауыр дертке шалдықты

Сырым Қаржас

Белгілі актер Мұрат Бисембин қатерлі дертке шалдықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Оның қатерлі ісікке шалдыққанын әріптесі Саят Исембаев хабарлады. Саяттың өзі сол фильмде Саянның рөлін сомдаған.

- Сіздерден көмек керек. Әріптесіміз ауыр дертке шалдықты. Онкология. Қазір емделіп жатыр. Рухы жанышталған жоқ, – дейді Саят Исембаев.

Рэкетир фильмі екі мыңыншы жылдардың басында көп қаралған фильм. Туынды тоқсаныншы жылдары криминалдық топтарда болған жігіттердің өмірін баян етеді.