×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Аса ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ ұсталды

20.09.2024, 15:35
Аса ірі көлемде ақша жымқырған алаяқ ұсталды
ашық дереккөз

Ақмола облысы прокуратурасының үйлестіруімен Целиноград ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқтықтың 47 эпизодын жасап, іздеуде жүрген азаматты ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап күдікті Астана қаласы мен Ақмол ауылы тұрғындарын алдау және сенімін теріс пайдалану жолымен олардың 90 млн теңге көлеміндегі ақшалай қаражатын иемденген – делінген прокуратура таратқан ақпаратта.

Қазіргі уақытта аталған тұлға тергеу изоляторына қамалды.

Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, оған он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалуы мүмкін.